һ Қадір түні оқылатын таңдаулы дұғалар !
Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға
«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын».
(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
- Салиқалы әйел сұрау
«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!»
- Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну
«Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын»
(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).
Адам Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) тәубе жасағанда айтқан дұғасы:
«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Аъраф» сүресі, 23-аят).
«Роббәнә заләмнә әнфусәнә уәил ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин»
- Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай деп дұға айту:
«Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!»
«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»
- Кешірім сұрау дұғасы
«Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!»
«Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ‘индикә уәрхамни, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!»
Кімде-кім: «Әстәғфиру-Ллаһ-әл-’Азыймә-лләзи лә иләһа иллә һууә-л-Хайю-л-Қаййуму уә әтубу иләйһ!»
(«Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай болмаған Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Аллаһтан кешірім тілеп, әрі Оған тәубе етемін») - десе, ол тіпті шабуылдаған дұшпаннан (соғыс алаңынан) қашқан болса да, Алла оны кешіреді!»
- Қадір түнінде оқылатын дұға
«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр! /Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни/» ‒ деп айт»
- Қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну
«Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын».
«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-дунйа уә ‘азәбил-қабр».
- Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау
«Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер».
«Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ‘ибәдәтик».
Я, Алла! Мені Өзіңді әрдайым еске алушы, Саған шүкір етуші, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және көкірегімнің кегін басқайсың.
«Аллаһуммаж-ъәлни зәккәрән ләкә, шәккәрән ләкә, мутаууәъан ләкә, мухбитән иләйкә, әууәһән мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә әжиб даъуәти уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә сәддид лисәни уәслул сәхимәтә садри».
- Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға
«Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!»
«Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!»
- Қарызға, уайымға батқан кісінің дұғасы
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин әл-һәмми уәл-хазәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә далә’ид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».
«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын» (Бұл жерде адамдар жиі жағдайда не жәбірлеуші, не жәбірленуші болатыны меңзеліп тұр. Аударманың келесідей басқа нұсқасы да болуы мүмкiн: «...әрі адамдардың арасында қор болған күйге түсуімнен...»).
- Ісіңе береке сұрау
«Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!»
«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!»
- Пайдалы білім сұрау
«Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!»
«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»
- Қайтыс болған адамдар үшін
«Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма» дейді» («Хашыр» сүресі, 10-аят).
«Раббәнә ғфир ләнә уәлиихуәнинәл ләз̃иинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләз̃иинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим»
- Салиқалы ұрпақ сұрау
«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!»
- Екі дүние игілігін сұрау
Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!
«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»
-Шипа сұрау
«Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің»
«Әнн-нии мәс-сә-ни-иәд-дур-ру уә әңң-тә әр-хә-мур-роо-хи-миин»
- Ата-ана үшін жасалатын дұға
«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!»
«Роб-бир-хәм-һу-мәә-кә-мәә роб-бә-иәә-нии со-ғии-роо»
- Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну
Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».
- Жақсы мінез сұрау
Я, Аллаһ! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.
«Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт».
- Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және
кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ- тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам».
- Ризық сұрау
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».
- Жақсылық сұрау
Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.
«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә
зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».
Дұғаларыңыз қабыл болсын! Еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын! Аллах субхануху уа Та`аля келесі рамазанға жекізсін! Амин!