НЕГЕ МЕН СЕНЕН БҰРЫН СОНША ҚАТТЫ ҚОРЫҚТЫМ ЕКЕН?! Өлім! Сен өзіңді күнде менің есіме саласың. Мен сен жайлы өздерінің жақындарын жер қойнауына тастаған достарымнан естеймін. Мен сенің бейнеңді репартаждардан хабарларлайтын соғыстан қаза тапқан әскерлер, апаттар, ауру және аштықтан қаза болғандардан көремін. Сенімен бірге мен үшін қымбат жандардың кетіп бара жатқанына шарасыздан қарап тұрамын. Өлім! Сен менің өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналдың. Сен менің өмірімді белгіленген уақытта алып кетесің. Өйткені, сен кездесуге ешқашанда кешігіп келмейсің. Сен үшін менің бай немесе кедей болғаным, ауру немесе сау болғаным, ақымақ немесе ақылды болғаным маңызды емес. Өйткені, тек сен ғана мені бар болмысыммен қабылдайсың. Өлім! Сен маған бай мен кедейдің айырмашылығы оның қабіріне қойлатын көк таста ғана екенін көрсеттің. Ал өздерінің сулылықтарымен тамсанған сұлуларды да, қарапайым адамдарды да құрт-құмырсқалардың жеп бітетіндігін көрсеттің. Сен үшін қанышерлер мен олардың бейкүнә құрбандарын, жаужүрек батырлар мен қорқақтарды, ұлы данышпандар мен надан-ақымақтарды бір жерге жатқызу қиынға соқпады. Сен маған тәнімнің ешқандайда маңызы жоқ екендігін дәлелдедің. Маңыздысы тек менің ізгі ниетім мен амалдарым ғана. Өйткені, сен өзі үшін және өзінің нәпсісі үшін өмір сүргендерді сатып кеттің. Ал өздерінің ғұмырларын Аллаға және қоғамның пайдасына арнағандарды ғасырлар бойына даңқын өсірдің. Өлім! Сен өзіңмен бірге менің жақындарым мен туыстарымды алып кеттің. Сен маған олар туралы тек естеліктерді ғана қалдырдың. Қуаныш пен сүйіспеншіліктің және қайғы мен жанжалдың естелігін. Және бұл маған ауыр тиді. Оларға ашумен айтқан сөздерім менің жанымды жегідей жеді. Олардың өтініштеріне жауап бермей жүректерін жаралағаным үшін қатты өкіндім. Мен енді олардан ешқашанда кешірім сұрай алмайтындығыма жыладым. Мен уақытты кері қайтара алмайтындығыма өкіндім. Бірақ, енді сенің арқаңда мен адамдардың жүрегін жараламауға және оларға шамам келгенше көмектесуге тырысатын болдым. Өлім! Сенімен кездесуді мен белгілемейтінімді түсінген соң және сен маған кез-келген уақытта келіп қалатыныңды білген соң ,әр күнімді соңғы күнімдей өткізетін болдым. Сен маған сыйлаған әр сәтті бағалайтын болдым. Мен Алланың маған өлшеп берген мерзімін босқа өткізбеуге мына өмірде де, ақыретте де маған пайда әкелмейтін істерге жұмсамауға бел будым. Өлім! Неге мен сенен бұрын сонша қатты қорықтым екен?! Маған көмектескің келген сені қалай түсінбедім?! Мына қарбалас дүниеде сен маған қатты көрсеткің келгенді неге бұрын көрмегенмін?! Неге мен бұрын тек сенімен кездескеннен соң ғана, Алланың мейірімімен жәннат бақшаларына кіріп сен менен алып кеткен жақындарыммен қайта жолығатынымды түсінбегенмін?! Өлім! Күн өткен сайын мен сені жақсы түсініп келемін. Сен менің күнде есіме алатын жақын досыма айналдың. Және сені ойлаумен менің өмірімнің мәні кіре бастады. Өйткені, өзгелердің өмірін алумен сен маған екеуміздің кездесуіміздің жақындап келе жатқанын есіме саласың. Менің тек бір ғана арманым бар, ол кездесуге Алланың кешірімімен келу... Ислам діні Қазақстанда

Теги других блогов: продвижение SEO Google